Наурыз айына дейін Астана қаласындағы Ұлттық мұражайда алғаш рет әлемдік өнер аңыздарының графикалық парақтары мен қазақ кескіндеме әйгілі тұлғаларының кенептері жинақталған көрме өтеді.
Бұл көрме көне шеберлердің шарықтаған өнерін заманауи көзқарастармен тамашалауға мүмкіндік береді. Онда Альбрехт Дюрер, Марка Шагал, Хоан Миро, Пьер Огюст Ренуар, Пабло Пикассо, Сальвадора Далидің графикалық парақтары, сондай-ақ қазақ кескіндеме әйгілі тұлғаларының Абылхан Қастеев, Орал Таңсықбаев, Жанатай Шарденов, Шаймарден Сариев, Сахи Романов, Токболат Тоғызбаев, Алексей Степанов, Евгения Сидоркин, Ерболат Төлепбайдың кенептері жинақталған.
«Альбрехт Дюрер шығармашылығының гүлденуі кезеңіндегі офорттардың көлемді жиынтығынан басқа, бұл көрмеде 20 ғасырдың басындағы Анри Матисстің нәзік графикалық парақтары, Пабло Пикассоның кескіндемесі мен графикасы, оның ерте, ең әсерлі сыршылдық кезеңі ұсынылған», - деді шараны ұйымдастырушылар.
Сонымен қатар, көрермендер Сальвадор Дали, Хоан Миро және Марк Шагал шығармашылық өнері арқылы 20 ғасырдағы сюрреализмнің пайда болуы мен дамуын көре алады. Сонымен қатар «Ежелгі. Өзекті. Майталман даралар» көрмесі қазақ өнерінің кемеңгерлері мен шеберлерінің шығармашылығын жаңаша ашып, суретшілердің өз әдісі арқылы бейне мен тақырып үндестігі және үйлесімділігі көпшілік қауымға белгісіз туындыларымен, этюдтарымен және нобайларымен таң қалдырады.
Мекен-жайы: ҚР Ұлттық мұражайы6 Тәуелсіздік даңғылы, 54. 2019 жылдың 17 қаңтар - 1 наурыз аралығында өтеді. Жұмыс уақыты: дүйсенбіден басқа күн сайын. Айдың соңғы сейсенбісі – тазалық күні.