Оқу-жаттығу барысында жергілікті әскери басқару органдары бірлескен іс-қимылдар мен өзара хабардар ету мәселелері пысықтады. Осы жылға арналған ҚР Қарулы Күштерін даярлау жоспарына сәйкес, Астанада командалық-штабтық жұмылдыру оқу-жаттығуы өтті, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
"2019 жылға арналған ҚР Қарулы Күштерін даярлау жоспарына сәйкес, сондай-ақ жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру кезінде аумақтық әскерлердің жұмылдыру әзірлігін тексеру мақсатында ҚР ҚК Аумақтық қорғаныс бас басқармасының базасында Астана қаласының ҚІД және Астана қаласы әкімдігінің аумақтық қорғаныс бригадасымен бірлесе командалық-штабтық жұмылдыру оқу-жаттығуы өтті", - делінген Қорғаныс министрлігінің баспасөз хабарламасында.
Оқу-жаттығудың басты мақсаты хабардар ету, жұмылдыру ресурстарын жеткізу, аумақтық әскерлер командалық құрамының далалық машығы мен үйлесімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралардың өткізілуі болды. Одан басқа, қаланың стратегиялық объектілерін күзету мен қорғау жөнінде тапсырмалардың орындалу мәселелері бойынша аумақтық қорғаныс бригадалары басқармалары басшылық құрамының білімдері мен практикалық дағдыларын жетілдіру жөнінде іс-шаралар өткізілді.
Оқу-жаттығу барысында жергілікті әскери басқару органдары бірлескен іс-қимылдар мен өзара хабардар ету мәселелерін, сондай-ақ аумақтық қорғаныс бригадасын жасақтау үшін жұмылдыру ресурстарын жеткізу жөніндегі мәселелерді пысықтады.