Былтыр қазан айында Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарындағы елді мекендерді су тасқынынан қорғауға бағытталған жоба мемлекеттік сараптамадан өткен болатын. Контрреттегіштің жалпы сыйымдылығы - 873,41 млн текше метр. Бөгеттің ұзындығы - 3443 метр. Құрылыс-монтаж жұмыстары келесі жылы басталады деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.
Контрреттегіш тасқын суды жинақтап, реттеуге мүмкіндік береді. Бұл Есіл өзенінің төменгі ағысында судың қауіпсіз өтуін қамтамасыз етіп, Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев және Петропавл су қоймаларының тұрақты жұмыс істеуіне жағдай жасайды. Сонымен қатар өзен жайылмасындағы экологиялық ахуалды жақсартады. Бұдан бөлек, нысан Ақмола облысындағы 25 мың гектар суармалы жерді сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Брифингтерден хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналға жазылыңыз!