Мемлекет басшысының айтуынша, Құрама Штаттар – Қазақстанның ірі экономикалық серіктестерінің бірі және еліміз өзара тиімді байланысты кеңейтуге мүдделі.
Эдуардо Менезес компанияның Қазақстан экономикасына инвестиция құю мүмкіндігін қарастыратынын жеткізді. Өйткені Air Products газ өңдеу мен газ химиясы, сондай-ақ көмірді терең өңдеу салаларындағы жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытады.
Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев аталған бастаманы құптап, Қазақстан тарапы оған қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін растады.
Air Products компаниясы АҚШ-тың ірі компанияларының қатарына кіреді. Көгілдір отын өңдеу, өнеркәсіптік газ (азот, сутегі, оттегі) өндірісі бойынша халықаралық көшбасшылардың бірі саналады.