Қол қойылған келісім Жетісу (Жоңғар қақпасы) облысында жалпы қуаты 1 ГВт жел электр станциясын дамытуға, қаржыландыруға, салуға және пайдалануға бағытталған, құрылысты 2025 жылы бастау жоспарлануда.

обаны іске асыру Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасымен бекітілген нысаналы индикаторларға қол жеткізуге, жаңа жұмыс орындарын құруға, қосымша инвестициялар тартуға, сондай-ақ елде «жасыл» электр энергиясын өндіруді ұлғайтуға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Сондай-ақ кездесу шеңберінде мұнай-газ және мұнай-газ-химиясы жобаларын іске асыру және дамыту, оның ішінде ЖЭК-ті одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін бірлескен перспективалық бағыттарды айқындай отырып, ведомствоаралық келісімге қол қою мүмкіндігін қарауға уағдаласты.

Сондай-ақ 2022 жылғы 24 шілдеде Мемлекет басшысының Сауд Арабиясына сапары барысында екі елдің сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығын кеңейту туралы уағдаластықтарға қол жеткізілгенін еске саламыз. ҚР Энергетика министрлігі мен ACWA Power арасында электр энергетикасы мен ЖЭК дамыту саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерінде Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.