Спикердің айтуынша, бұл – әйелдердің цифрлық саланы игеріп қана қоймай, оның көшбасшыларына айналғанына айқын дәлел.
«Astana Hub білім беру тректері, акселераторлар және инвестицияларға қолжетімділік арқылы әйелдер кәсіпкерлігін қолдайды. Біз Yaya, ChecDoc.kz және басқа да стартаптарды жүзеге асырдық. Алайда, бұл саладағы әйелдердің үлесі әлі де аз — шамамен 30%. Сондықтан серіктестермен бірге алшақтықты жоюға бағытталған бастамаларды іске асырамыз: IT-Aiel, TechGirls және басқалар. Оларға бүкіл ел бойынша мыңдаған әйел қатысты», – деп атап өтті Валерия Тё.
Ол бүгін Қазақстанда бірден 2 білім беру бағдарламасына – Aqyl tech және IT-Aiel-ге қабылдау басталғанын еске салды. Aqyl Tech бағдарламасы алғаш рет іске қосылуда. Ол 35 жасқа дейінгі жастарға, соның ішінде өңірлердегі колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттеріне, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға, ауылдық жерлердің тұрғындарына және әлеуметтік осал топтардың өкілдеріне арналған. Бағдарлама қатысушыларға цифрлық сауаттылық, киберқауіпсіздік және қаржылық тұрақтылық негіздерін меңгеруге, сондай-ақ IT саласындағы мансаптық мүмкіндіктермен танысуға көмектеседі. IТ-Aiel бағдарламасы 2023 жылдан бастап іске асырылуда және өзінің қажеттілігін дәлелдей алды. Ол цифрлық құралдарды меңгергісі келетін, фрилансингке көшіп немесе өзінің онлайн бизнесін бастағысы келетін 25 жастан асқан әйелдерге арналған.