Бүгінде елімізде 1400-ден астам жеңіл өнеркәсіп кәсіпорны жұмыс істейді, оның жартысынан астамы киім тігушілер.

Анықтама: 

803 — тігін өндірісі,

481 — тоқыма өнеркәсібі, 

122 — тері және ілеспе бұйымдар шығаратын кәсіпорын.

Мемлекет бизнеске қолдау көрсетуді арттыруда: 2024 жылдың мамыр айынан бастап кәсіпкерлер жабдықты сатып алуға кеткен шығындардың 40%-ға дейінін өтей алады, ол жылына 60 млн теңгеге дейін қаражатты құрайды.

Одан бөлек, сала жылына 3 пайызбен жеңілдетілген қаржыландыруға қол жеткізіп, 9 арнайы экономикалық аймақтағы басым бағыттардың тізіміне енді. Отандық тауар өндірушілерді қорғау үшін 1100-ден астам тауар түрлерін мемлекеттік сатып алудағы ұлттық режимнен екі жылға босату қарастырылған.

Мемлекет жергілікті өндіріске үміт артып, «Қазақстанда жасалған» өнімдерді тігіп, тоқып, өнім шығаратындарға көмектесуге дайын.