Спикер барлық өңірлерде ситуациялық орталықтар жұмыс істейтінін еске салды, онда барлық ақпарат нақты уақыт режимінде жиналып, өңделеді және тиісті шешімдер қабылданады. 

«Біздің байқаушылардың айтуынша, бірнеше өңірде бір сайлаушыға бірнеше бюллетень беру әрекеті, отбасы мүшелері үшін дауыс беру әрекеті және дауыс беруге екі адамнан кіру сияқты фактілер тіркелген. Бұл бұзушылықтарға байқаушылар жедел ден қойды. Заңнамаға сәйкес тиісті рәсімдер жүргізілді, сайлау комиссиясының мүшелерін жұмыстан шеттету сияқты шаралар қабылданды. Бұл жұмыс жалғасуда», - деді Т.Құнәділов. 


Бұл ретте қоғамдық бақылаушылар коалициясының басшысы байқаушылардың жауапкершілігіне тоқтала келе, ескертулер нақты фактілерге негізделуге тиіс екенін айтты.

«Интернет-ресурстарда, әлеуметтік желілерде ақпарат көп, біз бірден әрекет етіп, байқаушыларымызбен байланысқа шығамыз, бұл жағдайлардың басым бөлігі шындыққа жанаспайды. Әрбір бақылаушы өз ескертулерін тексеруге болатын нақты фактілерге негіздеулуге тиіс», - деді спикер.