Оның айтуынша, құс еті мен оны қайта өңдеу өнімдеріне жаңа техрегламент қолданысқа енгізілді. 

«Онда құс етіне инжекторлауға, тағамдық қоспалар, оның ішінде фосфаттарды, сондай-ақ консерванттар мен дәм күшейткіштерді қосуға тыйым салу тікелей көзделген. Ерігеннен кейін бөлінетін ылғалдың 4%-дан аспайтын нормативі және тұтынушыларды қорғау үшін маңызды басқа да талаптар белгіленген», – деді спикер.


Азаматтарды қауіпті өнімдерден қорғау үшін мемлекеттік органдар Қазақстанның жоғары вольтты жабдыққа (трансформаттарға және т.б.) және алкоголь өніміне арналған ұлттық техникалық регламенттердің жобаларын әзірледі. 

«Бұл өрт, жарылыс және осындай өнімнен денсаулыққа зиян келтіру секілді қауіптерге де, жосықсыз импорттан қорғау факторларына да байланысты», – деді Қ. Елікбаев.


Бұдан басқа, Қазақстанда әзірленген полистеролдан жасалған балаларға арналған тауарлардан және қаптамадан бөлінетін бутадиенді айқындаудың хроматографиялық әдісі ЕАЭО стандарттарының тізбесіне енгізілді және бес елде қаптаманы өндіру және сынау кезінде пайдаланылады.