Шет елдерде тіркелген 11 402 сайлаушылардың 6007-сі дауыс берді. Шетелде дауыс беруді Америка Құрама Штаттарының Сан-Франциско қаласындағы отандастарымыз аяқтайды (Астана уақытымен сағ. 19:00 ашылды).
Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру қорытындылары туралы шет елдердегі учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары дереу Орталық сайлау комиссиясына жолданатын болады.