Мемлекет басшысы бұл парламент сайлауы Қазақстан азаматтарының ынтымағын байқатып, халқымыздың, әсіресе, өскелең ұрпақтың жарқын келешегі үшін жоғары деңгейде жауапкершілік танытқанын, нағыз отаншылдық үлгісін паш еткенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, Қазақстанның жан-жақты жаңғыруы, саяси және экономикалық реформалар үздіксіз жүргізілетін үрдіске айналды. Құрылтай сайлауының қорытындысы көрсеткендей, еліміздің бағыт-бағдарын азаматтардың басым бөлігі қолдайды. Бұл Әділетті, Озық, Таза Қазақстан құру жөніндегі жоспарды ойдағыдай орындауға сенімді кепіл болады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев достас мемлекеттер басшыларының өз елдерін орнықты дамытуға бағытталған жобалары мен бағдарламаларын табысты жүзеге асыруына тілектестік білдірді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының атына ШЫҰ, ТМД, ҰҚШҰ, ЕАЭК, ЭЫҰ, ТҮРКСОЙ және басқа да халықаралық ұйымдар жетекшілерінің құттықтаулары келіп түсті.