Оның айтуынша, қазіргі уақытта бұл жүйе Жамбыл облысында іске қосылған. Сондай-ақ жақын арада Ақтөбе және Алматы облыстарында енгізіледі. 
Айта кетерлігі, бағдарламаны іске асыру аясында ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Оның аясында 6,2 млрд теңге сомасына 299 кооператив қаржыландырылды.

«Тұтастай алғанда, жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперативтерге біріктіру ауыл шаруашылығы техникасын бірлесіп пайдалану түрінде, сондай-ақ кооперативтер арқылы өнім өндіруді және оны өткізуді ұлғайту мүмкіндігінде өзіндік артықшылықтарға ие, бұл болашақта өндірілген өнімді сауда базарларының, қала дүкендерінің сөрелеріне шығаруға мүмкіндік береді», - деді вице-министр.


Осыған байланысты, бағдарлама шеңберінде кооперативтер құруды ынталандыру үшін кредиттеудің ең жоғары сомасы 8 мың АЕК-ке дейін ұлғайтылған кредит беру көзделген. Бүгінгі таңда бұл сома 29,5 млн теңгені құрайды.
Ауыл шаруашылығы кооперативтеріне қалған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен тең шарттарда мемлекеттік қолдаудың барлық қолда бар шаралары қолжетімді. Осылайша, кооперацияны ынталандыру үшін инвестициялық субсидиялау кезінде басымдылық пен жоғары нормативтер көзделген. Мұнда ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығының жекелеген түрлерінің құны жергілікті бюджет қаражаты есебінен 35-50%-ға дейін ұлғаяды.

«Салық кодексіне ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін салықтың бес түрі бойынша 70% жеңілдікті көздейтін арнайы салық режимі көзделген. Ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту шеңберінде облыс әкімдіктері өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру, кооперативтерге базарларда, жәрмеңкелерде орын бөлу үшін жағдайлар жасау, кооперативтермен жұмыс істеу бойынша өңірдің ірі зәкірлік кәсіпорындарын тарту кезінде кооперацияның әлеуетін іске қоса алады», – деді ведомство өкілі.