Құрметті БАҚ өкілдері!

2019 жылғы 11 қараша күні сағат 11:00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Аграрлық ғылымның, білім берудің және ауыл шаруашылығы өндірісінің өзара іс-қимылының проблемалары мен перспективалары» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.

СПИКЕРЛЕР: Ауыл шаруашылығының Бірінші вице-министрі Айдарбек САПАРОВ, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ Басқарма төрағасы Төлеутай РАХЫМБЕКОВ.

БАҚ өкілдерін аккредитациялау және өзге туындайтын сұрақтар бойынша +7 (7172) 55-93-47 телефоны арқылы, sck.astana@gmail.com электронды мекенжайы немесе WhatsApp мессенджері бойынша 2019 жылғы 11 қараша күні сағат 09:00-ге дейін хабарласуға болады. Қазмедия орталығына кіру сағат 10:00-ден басталады.