ОРЫНДАЛДЫ: энергоресурстардың 10 кВ-тық кіші станциясына кернеу беру жүзеге асырылды; екі топтық өлшеу қондырғысы (ТӨҚ): 53 және ТӨҚ-54 іске қосылды; Өндірісті басқарудың біріккен орталығының (ӨББО) құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды; ТӨҚ-55 бойынша механикалық жұмыстар аяқталып, пайдалану үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде; кәсіпшілік объектілер мен ұңғымаларды пайдалану, электр энергиясымен жабдықтау және генерациялау жүйелерін басқару, сондай-ақ мұнай мен газды бөлу бойынша кешенді технологиялық желілер (КТЖ) зауытын пайдалану ӨББО арқылы жүзеге асырылып жатыр;

Үшінші буын зауыты (ҮБЗ) және Шикі газ айдаудың үшінші буын зауыты (ШГАҮБЗ) бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр; 01.04.2022 ж. жағдай бойынша жекелеген учаскелердегі жұмыстарды орындау прогресі: - ұңғымаларды бұрғылау – 96% (жоспар – 97,1%); - басқару және электрмен жабдықтау жүйесі – 98,7% (жоспар – 98,7%); - құрылыс бойынша – 86,1% (жоспар 85,3%); - ҮБЗ-ны салу жұмыстары бойынша – 80,8% (жоспар – 80,6%); - ШГАҮБЗ-ны салу жұмыстары бойынша 79,3% (жоспар – 78%); - жүйелерді аяқтау бойынша – 16,2% (жоспар 16,2%). ***