№15 өрт сөндіру бөлімінің жауапкершілік аймағында 30 мыңнан астам тұрғын және 126 шаруашылық субъектісі бар. Бөлімше Алматы қаласының орталық бөлігінің, сондай-ақ оған іргелес шағын аудандар мен тұрғын үй кешендерінің өртке қарсы қорғалуын қамтамасыз етеді.

Жаңа бөлім толыққанды автономды кешен. Мұнда кезекші ауысымға арналған әкімшілік-тұрмыстық блок, сондай-ақ Batyr team кәсіби спорт залы, воркаут аймағы және жеке құрамның демалуына арналған үй-жайлар бар. Нысан жеке жылу пунктімен, инженерлік желілермен, қауіпсіздік және бейнебақылау жүйелерімен, сондай-ақ заманауи өрт сөндіру-құтқару техникасымен жарақталған.