Аулаладағы спорт алаңдары жаңартылып, футбол алаңдарын салу, жаяу жүргіншілер жолақтарын ауыстыру, сондай-ақ жарық орнату, көшеттер отырғызу қарастырылған. Мәңгілік Ел көшесін қайта жаңарту жұмыстары жалғасады: № 1 учаске (Қабанбай батыр көшесінен Жамақаев көшесіне дейін), № 2 учаске (Шайжүнісов көшесінен Ибраев көшесіне дейін). Аталған учаскелерде арнайы спорт, ойын алаңдарын орнату, демалыс аймақтарын салу, жарықтандыру жоспарланған.

Биыл қаланың көшелеріне жарық орнату жұмыстары жалғасады. Бүгінде конкурстық рәсімдер жүргізіліп, шамамен қаланың 30 көшесін жарықтандыру жоспарға енгізілген. Сондай-ақ, QR-кодтары бар көше ақпараттық тақтайшалар орнатылады. Көпқабатты 40 тұрғын үйдің қасбеті жөнделеді.

№1 аурухананың жанында дәрігерлер саябағы салынбақ. Онда спорт алаңдары, демалыс орындары болады. Сондай-ақ, қала аумағын абаттандыру іс-шаралары аясында шаһардағы орындықтар мен қоқыс жәшіктерін жаңартылады.

Санитарлық тазалықты сақтау және қаланы көгалдандыру үшін 500-ден астам түрлі ағаш пен 22 000-нан астам көшет, жалпы ауданы 13500 шаршы метр көпжылдық және біржылдық гүлдер отырғызылады.

2024 жылы жерасты және жер үсті өткелдерін жөндеу жұмыстары жоспарланған.