Бүгінде жергілікті билік Абай облысы жетекші IT-компаниялар мен жас IT-мамандар үшін тартымды аймаққа айналуына барлық үлесін қосуда, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

Шәкәрім университетінде Huawei ICT академиясы ашылды. Академия IT саласындағы мамандарды даярлауға, оқытуға және біліктілігін арттыруға бағытталған.

Жүйелі жұмыс жүргізу мақсатында Шәкәрім университетімен «Huawei» компаниясы арасында IT саласындағы ынтымақтастық және білім беруді дамыту туралы Меморандумға қол қойылды. Меморандум аясында тараптар ақпараттық технологиялар бағытында тренингтер өткізеді, студенттер Huawei сертификаттарын алуға, сондай-ақ жастар әлемдік деңгейдегі компанияда таланттары мен тәжірибелерін шыңдауға мүмкіндік алады.

Оқу бағдарламасына IP технологиялары, жасанды интеллект, Big Data, желілік қауіпсіздік, маршруттау, сымсыз желілер, сақтау жүйелері, және басқа да бірқатар технологиялық бағыттар бойынша курстар кіреді. Студенттер жетекші компанияларға жұмысқа орналасуға мүмкіндік беретін халықаралық үлгідегі «сертификатты» алу үшін емтиханын тапсыра алады.

Анықтама: қазіргі уақытта Қазақстан бойынша ICT-академиялардың саны 33 жетті, ал білім беру курстарынан өткен студенттер саны 5000-нан асқан.