Өткен жылы Абай облысында 896 адам аталған жоба шеңберінде жұмысқа орналастырылды.

Жобаға қатысу мерзімі 36 айға дейін, сондай-ақ қатысушылардың жалақысы бойынша жұмыс берушілерге субсидиялар төленеді.

Субсидиялар мөлшері жұмыстың бірінші жылында жалақы мөлшерінің 70% - ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын); жұмыстың екінші жылында жалақы мөлшерінің 65% - ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын); жұмыстың үшінші жылында жалақы мөлшерінің 60%-ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын) құрайды.

Осы жылы «Күміс жас» жобасы аясында 972 адамды жұмыспен қамту жоспарланған.

Жобаға қатысу үшін жұмыссыздар тұрғылықты жері бойынша Мансап орталықтарына жүгінуге немесе Enbek.kz - электрондық еңбек биржасы порталы арқылы өтінім берулері қажет.