Ақтөбе облысында жер үсті суын ұлғайту мақсатында кешенді жоспар бекітілген, ол ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігіне келісуге жолданды. 2024-2029 жылдар аралығында жүзеге асырылатын құжатта 22 су қоймасын салу көзделген. Жобалар жер үсті су ресурстарын сақтап қалуға,  жалпы су көлемін 491,62 млн текше метрге, суландыру алаңын 49 070 га ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Жалпы, өңірде 206 гидротехникалық құрылғы бар, олардың 611,8 млн текше метр суды сақтап қалатын мүмкіншілігі бар. Үш ірі су қоймасының жағдайы – бақылауда. Қазіргі таңда Қарғалы, Ақтөбе және Саздыдағы судың нақты көлемі есептелген жобалық көлемге жетпейді.