Абай облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметіне сәйкес, 2023 жылы облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындары 51,2 мың тонна сиыр және 17,5 мың тонна құс еті, 60,1 млн дана жұмыртқа, 168 мың тонна картоп, 21 мың тонна сәбіз, 3 мың тонна пияз, 23,3 мың тонна қырыққабат, 127,3 мың тонна өсімдік майы, 66,1 мың тонна ұн, 8,5 мың тонна нан және 2,9 мың тонна макарон өнімдерін өндірді.

Етті мал шаруашылығын дамыту мақсатында облыста барлығы 39 бордақылау алаңы жұмыс істейді. Оның ішінде 22 мың басқа арналған 11 өнеркәсіптік типтегі алаң (бір мезгілде 1000-нан астам бұқа бордақыланады).

Бүгінгі таңда сүт өнімдерін шығару жылына жалпы жобалық қуаты 18 мың тонна болатын 7 сүт өңдеу кәсіпорнында жүзеге асырылады (жүктемесі 50%).

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.