Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері Павлодар облысына аттанды.

Олар Екібастұзда орналасқан сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департамент мамандарымен, білім басқармасының қызметкерлерімен бірге балаларға барлық қажетті көмек көрсету, оқу үрдісін онлайн форматта ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізеді.

Екібастұз қаласындағы қолдау орталығы мен Жасөспірімдер үйінен эвакуацияланған балалар жас ерекшеліктеріне қарай «Бөбек» және «Балдәурен» немесе «Жас дәурен» оқу-сауықтыру лагерьлеріне жіберіледі. Онда балалар жағдай тұрақталғанша білім алып, сауықтырудан өтеді. Сондай-ақ бос уақытты тиімді өткізу үшін іс-шаралар ұйымдастырылады. Қазіргі уақытта балалар Павлодарда.