Жаңа әкімшілік соттардың жұмысына қосымша штат бірліктері тартылмайды. Бюджеттен қосымша шығындар болмайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жоғарғы Соттың судьясы Аслан Түкиев журналистің сұрағына берген жауабында мәлімдеді.
«Соттар 17 облыс орталығында, оның ішінде республикалық маңызы бар қалаларда және аумақтық сотқа жүктеме байқалатын төрт қалада құрылатын болады. Олар барлығы мамандандырылған ауданаралық болады, яғни іргелес әкімшілік-аумақтық бірліктерге қызмет көрсетеді. Әр соттағы судьялардың саны әр түрлі болады. Бұл жүктемеге байланысты, шамамен 7-10 адам, ал басқаларында шамамен 30 немесе одан артық. Мысалы, Алматы мен Нұр-Сұлтан істер саны бойынша жоғары орындарға үміткер. Біз бірде-бір штаттық бірлік сұрамаймыз, судьялар қайта бөлінеді.
Жүктеменің өзгеруі бос бірліктерді сот ісін жүргізудің бір түрінен сот ісін жүргізудің басқа түріне ауыстыруға мүмкіндік береді. Тіпті ғимараттарды жөндеу жұмыстары да ішкі бюджет есебінен жүргізіледі. Нақты судьяның жұмыс орнындағы әкімшілік-аумақтық ауқым деңгейіне байланысты еңбекақыны түзету бөлігінде аздаған айырмашылық болады», - деді спикер.