Қазақстанда 27 қаңтардағы жағдай бойынша COVID-19 оң нәтижесімен 181 117 науқас және КВИ минус (- ) 47 575 жағдай тіркелді. 163 156 КВИ+ және 35 348 КВИ- ауырғандар жазылып шықты. Инфекциялық төсек-орындардың 31% (6 492 төсек), реанимациялық төсек-орынның 20% (374 төсек) қолданыста. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов осындай мәліметтерді жария етті.
«Соңғы 2 айда коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлағаны байқалады. Қазақстан Республикасы тәуекелі төмен аймақтан тәуекелі жоғары аймаққа немесе «қызыл аймаққа» ауысты. Тәуекел төмен аймақтан тәуекелі жоғары аймаққа немесе «қызыл аймаққа» 4 өңір: Батыс Қазақстан, Атырау облыстары, Алматы және Нұр-сұлтан қалалары енді. Сондай-ақ қызыл аймақта Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола және Қостанай облыстары бар. Орташа тәуекел аймағында немесе «сары аймақта» бүгінгі күні Қарағанды облысы орналасқан. Қалған өңірлер «жасыл аймақта». Сырқаттанушылықтың күнделікті мониторингі көрсеткендей, қаңтар айында желтоқсанмен салыстырғанда республикада барлық жағдайлардың 73% тіркелген 8 өңірде сырқаттанушылықтың өсуі есебінен КВИ сырқаттанушылығының 10%- артуы байқалады», - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.
Өңірлердегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты бақылауда, әкімдіктер күшейтілген шаралар қабылдады: қоғамдық тамақтану орындарының толымдылығы, бизнес-нысандардың жұмыс кестесі қысқартылды, демалыс күндері локдаун енгізіледі.
«Эпидемиологиялық тексеру жүргізу кезінде жағдайлардың 50% шағымдармен медициналық көмекке жүгінген кезде, 33% байланыста болған адамдарды тексеру кезінде, 16% профилактикалық мақсатта тексеру кезінде, қалғандары – сырттан әкелінген жағдайлар (1%) екені анықталатыны белгілі болды. Бұл карантиндік шаралар сақталмаған кезде, атап айтқанда, халық көп жиналатын жерлерге барғанда, жеке қорғаныс құралдарын пайдаланбағанда вирустың таралуы жалғасатынын көрсетеді. Яғни, бұл инфекцияның сырттан әкелінгенінің белгісі емес, ол ел ішінде тарап отыр», - деді Шоранов.
Зейнеткерлер бәрінен көп зардап шегеді – ел бойынша сырқаттанғандардың жалпы санының 20%, ал Ақмола, Алматы және Павлодар облыстарында үлес салмағы 25-тен 30% - ға дейін құрайды. Бұл инфекцияны олармен бірге тұратын басқа адамдардың үйге әкелетінін немесе алдын алу шараларын сақтамауының белгісі - деп қорытындылады сарапшылар.