Бүгінгі күні мәжбүрлі вакцинациялау аясында 1 732 913 құсқа екпе тегін жасалды. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Тұрсын Қабдолданов осындай нақты деректер келтірді. Қазақстанның 8 облысында 424 ауылдық округында 636 елді мекендегі құстар вакцинациялаумен қамтылды. Өлген құстың мәйіттерін жоюға 800-ге жуық жұмысшы тартылды.

«36 дезинфекциялық бекет құрылды және 89865 м2 дезинфекцияланды, 37 арнайы қондырғы жұмылдырылды. Орташа нарықтық құнын өтеуді комиссия жүзеге асырады, штабтар құрылды. Сараптама, құсты жою актісі, құс тұмауынан өлім-жітімді растау құжаты болған кезде және құс иесінің арнайы шотын ашылғаннан кейін ақша қаражаты «РЭО» РММ республикалық бюджет есебінен аударылады. Құстардың құны Статистика комитетімен комиссияның статистикалық деректерінің негізінде құс түрлері бойынша анықталады. Жалпы, 329 691 құс үшін өтемақы төленуі тиіс», - деп түйіндеді комитет басшысы.