Өңірдегі 504 мектепте 203 мың оқушы оқиды. Олардың 60%-ы онлайн режимде білім алып жатыр. Сонымен қатар, 5 мың кезекші сынып құрылды, онда бастауыш сынып оқушыларының 40% жуығы білім алуда. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек шағын шалғай ауылдарда орналасқан 228 ауылдық мектеп штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын жеткізді.

Барлық мектептерде компьютерлік техника толығымен жаңартылды. Бұл 47,5 мыңнан астам бірлікті құрады. Аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларды интернетпен қамтамасыз ету үшін 6 мыңға жуық роутер таратылды. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 58,2 млн теңгеге 3 216 модем сатып алынды, 2 812 бала үшін 26,9 млн теңгеге теңгерім толтырылуда.