Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің алғашқы жылы пандемиямен тұспа-тұс келді. Сырқаттанушылықтың өсуіне дайындықты қамтамасыз ету үшін министрліктің бастамасымен бірнеше маңызды қадам жүзеге асырылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қор басшысы Болат Төкежанов мәлімдеді.
«Пандемия кезінде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің рөлі күшейтілді, мобильді бригадалар құрылды, үйде күндізгі стационарлар ұйымдастырылды, қашықтан медициналық қызметтер көрсетіле басталды. Бұдан басқа, ПТР диагностикасының зертханалық қызметтерінің қуаты ұлғайтылды. Қор медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуына қарамастан, бүкіл халық үшін осы көмекке қолжетімділікті қамтамасыз етті. Форс-мажор жағдайларға қарамастан, МӘМС жүзеге асырудың алғашқы жылының қорытындылары медициналық сақтандыру жүйесінің толыққанды жұмыс істегенін көрсетеді. Ол денсаулық сақтау жүйесіне 500 млрд теңгеден астам қаржы құюға мүмкіндік берді. Осы қаражат есебінен медициналық қызметтер көлемі, тар шеңберлі мамандардың консультациялары, диагностика, тексеру, күндізгі стационарлар қызметтері едәуір ұлғайды, соңында медициналық оңалтуға, оның ішінде постковидті синдромы бар пациенттер үшін қолжетімділік пайда болды. Жоғары технологиялық операцияларды қаржыландыруға және осындай медициналық қызметтердің кезектілігін төмендетуге мүмкіндік пайда болды», - деді Төкежанов.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша халықтың 85% жүйеге тартылды, бұл 15,9 млн адам. Оның ішінде 1 млн. – 2020 жылғы өсім.