Тарихта өз заманының батырларын дүниеге әкелген әйелдер көп. Арыстанбек Мұхамедиұлының «Великие матери выдающихся личностей» кітабының тұсаукесерінде сөз сөйлеген Майя Бекбаева өз бақылауларымен бөлісті.

Журналист және тележүргізуші, «Qazaq TV» арнасының директоры, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары өзінің кәсіби қызметі аясында соңғы жылдары тарихи тұлғалардың өмірбаяндарын зерттеумен айналысып жүр.

«Қазақстан тарихында із қалдырған тұлғалардың өмірбаянын зерттеймін. Бұл адамдардың аналарын, мысалы, Әлихан Бөкейхановтың, Сәкен Сейфуллиннің анасын атап өтуге болады, анасы Ұлжан Алшын тұқымына жататын Абай Құнанбаев, осы кезде ғалымдардың: балалардың интеллектісі анадан деген сөздері еске түседі. Ал физикалық қасиеттері әкеден қалады, ішкі, зияткерлік қасиеттері анадан беріледі екен. Сондықтан, мұның бәрін зерттегенде әйел-ананың адам тағдырындағы рөлін асыра бағалау мүмкін емес екенін түсінесіз. Құрметті әйелдер, бұл кітапты оқып шығыңыздар. Арыстанбек аға, оны ары қарай жазып, жалғастыра беруге болады. Себебі, бұл тақырып шексіз. Ұлы батырларымызды, ақындарды, ғалымдарды, саясаткерлерді дүниеге әкелген әйелдер, олардың тарихын білуіміз керек. Өйткені, олар осы ерлермен тең дәрежеде құрмет пен ықыласқа лайық», - деді Майя Бекбаева өз идеясын кітап авторына ұсына отырып.