Бүгін орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Ұлттық экономика министрлігінің ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған баспасөз-конференциясы өтті.

Шараға ҚР ҰЭМ макроэкономикалық талдау және болжамдау департаментінің директоры Аскар ДЖАПАРКУЛОВ қатысты.

«ЖІӨ өсуі 4,1%». «Инфляция деңгейі жоспарланған дәлізде, жылдық 5,4%-ті құрайды. Негізгі капиталға инвестиция көлемі а.ж. қаңтар-маусымда 11,7%-ке ұлғайды. Ұлттық қордың шетел валютасындағы активі 0,3%-ке 58,2 млрд. АҚШ долларына дейін көбейді», - деді Асқар Жаппарқұлов.

Қазақстандық экономикадағы өсу динамикасы құрылыстағы (11,1%-ке), саудадағы (7,5%-ке), көлік саласындағы (5,3%-ке), ауыл шаруашылығындағы (3,8%-ке), өнеркәсіптегі (2,6%-ке) және байланыстағы (1,7%-ке) өсудің оң серпінінен қамтамасыз етілді.

Салалар бөлінісінде нвестициялардың едәуір өсуі кәсіби, ғылыми және техникалық қызметінде (88,8%, 34,5 млрд. теңгеге дейін), ауыл шаруашылығында (62,7%, 191, 3 млрд. теңгеге дейін), құрылыста (54,7%, 52,9 млрд.теңгеге дейін), өнер, ойын-сауық және демалыста (27,7%, 54,5 млрд. теңгеге дейін), өнеркәсіпте (19,7%, 3 397, 1 млрд. теңгеге дейін) және жылжымайтын мүлік операцияларында (13,6%, 723,7 млрд. тенге) байқалды.

Сонымен қатар, өнеркәсіп өндірісінің көлемі ағымдағы жылғы 6 айдың қортындысы бойынша кен өндіру өнеркәсібіндегі шығарылымының 2,1%-ке дейін ұлғаюуына байланысты 2,6%-ке өсті. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс ағымдағы жылдың 1 тоқсанында 1,6% - тен 3,4% - ке дейін жеделдеді. А.Жаппарқұлов атап өткендей, саладағы оң серпін фармацевтикалық өнімнің 19,5%-ке, жеңіл өнеркәсіптің - 16,7%-ке, сусынның – 15,8%-ке, машина жасаудың – 13,4%-ке, мұнай өңдеу өнімінің – 8,6%-ке, ағаш бұйымның 5,8%-ке және металлургия өнеркәсібінің 1,5%-ке ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді.