Отандық ғылым мен бизнестің арасындағы алшақтықты азайту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов ауыл шаруашылығы саласынан бірнеше мысал келтіріп өтті.
«Шығыс Қазақстан облысында Фарид Абитаев деген кәсіпкер күнбағыс егіп, мал шаруашылығымен айналысады. Бұған қоса ол шаруа қожалығын ашып, шетелден әкелген жетістіктерді климатымызға, жерімізге бейімдеп, өнімділікті 5-6 есеге арттырып отыр. Сонымен қатар, Алматы облысы Талдықорған қаласының тұрғыны Алмазбек Садырбаев та ғалымдармен келісіп жаңа эмбрион ашып жатыр. Осындай жетістіктер бар. Соның барлығын нақты жолға қоюымыз керек», - деді А.Мырзахметов журналистің сұрағына берген жаубында.
Оның атап өтуінше, кәсіпкерлер қандай да болмасын ғылыми зерттеулерге немесе ғылыми жұмыстарға ол бизнестің өркендеуіне әкелетін болса ғана қатысады. Негізінен олар шетелдің технологиясымен, шетелдің трансферт технологиясына ғана бағытталады.