«Нұрлы Жер» бағдарламасы іске асырылған сәтінен бастап, үш жылда шамамен 1,5 млн. шаршы метр тұрғын үй салынды, 13 мың ақмолалық отбасылар пәтер мәселесін шешті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде аймақ басшысы Ермек Маржықпаев мәлімдеді.
«Биылғы жылға жоспарланған 570 мың шаршы метрден, ал ол 5 (бес) мыңнан астам пәтер, бүгінгі таңда 455 мың шаршы метр пайдалануға берілді. Мемлекеттік инвестициялар есебінен жалға берілетін 30 және 13 кредиттік тұрғын үй салынуда. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға 500 жалдамалы пәтер бөлуді жоспарлап отырмыз. Бұдан басқа, «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 175 отбасы жеңілдікті тұрғын үйге ие болды», - деді Маржықпаев.
Аймақ басшысының айтуынша, ақмолалықтар «7-20-25» бағдарламасына белсенді қатысуда, 8,3 млрд теңгеге 910 өтінім мақұлданды, яғни 910 отбасы баспаналы болды.