Оның айтуынша, былтыр елге 15,7 млн шетелдік келген. Айта кетерлігі, еңбек мигранттары мен тұрақты тұруға келген адамдар есепке алынған жоқ.
«Қонақ үйлерді, демалыс базалары мен қонақжай үйлерді қоса алғанда, орналастыру объектілерінің жиынтық табысы 268 млрд теңгені құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 44 млрд теңгеге артық. Орналастыру объектілерінің саны 4,5 мың бірлікке жетті», – деді спикер.
Қазақстан әлемдік туристік рейтингте өз позициясын нығайтуды жалғастыруда. Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық индексінде Қазақстан 119 елдің ішінен 52-орынға көтерілген, бұрын 66-орынға ие болған. Бұл туристерге ыңғайлы болуы мен қауіпсіздігін арттыру, инфрақұрылымды жақсарту және туристік объектілердің қолжетімділігін арттыру бойынша жүйелі жұмысты көрсетеді.
Туристік сала үшін шетелдік туристің портреті туралы ақпараттың болуы маңызды. Бұл бизнес пен аймақтардың дәлірек және тиімді жұмыс істеуіне көмектеседі. Осы орайда мамандар E-qonaq жүйесінің деректеріне сүйенеді. Оған сәйкес шетелдік туристердің басым бөлігі - 30-50 жас аралығындағы азаматтар. Олардың көбі – ерлер. Келуші елдер қатарына Ресей, Өзбекстан, Қытай, Үндістан, Германия, Оңтүстік Корея және араб елдері кіреді.
Өткен жылы Қазақстан 14 халықаралық туристік көрмеде өз стендін ұсынылды. Үш көрмеге Kazakh Tourism, қалғандарына Алматы, Астана қалалары, Алматы, Маңғыстау, Түркістан және Ақмола облыстары қатысты. Барлық өңір Kazakh Tourism-мен тығыз ынтымақтастықта жұмыс жасады. Биыл 12 халықаралық туристік көрмеге қатысу жоспарлануда.
Сондай-ақ туристік саланың шетелдік мамандарын елімізбен таныстыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Өткен жылы 12 елден 115 журналист, блогер және туроператордың қатысуымен 16 ақпараттық тур ұйымдастырылды. Нәтижесінде жалпы саны 32 млн-ға жуық қаралымы бар 80-нен астам материал шықты.
«Ерекше атап өтетіндері, бұл - қытайлық Tao mingxu тревел-блогері 2024 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстанға 4 рет келді. Қазақстанға келуінен бастап 530 млн-нан астам қаралымы бар 80-нен астам бейнематериалдар жариялағанын. Осындай блогерлердің бірі – жапондық Yuji. шамамен 8 млн-нан астам шетелдік аудитория арасында қаралыммен қамтамасыз еткен», – деді Н.Байжанов.
Сонымен қатар бельгиялық porchist журналы үшін Қазақстанның бес өңірі, оның ішінде Астана, Алматы қалалары, сондай-ақ Алматы, Ақмола және Түркістан облыстары бойынша жеке баспасөз туры ұйымдастырылды.
Жалпы, туристік бағыт ретінде халықаралық танудың және туристік ағымның ұлғаюының арқасында саланың инвестициялық тартымдылығы артып келеді.