Оның айтуынша, қоқыс үйінділерінің ең көп саны Астана қаласында, Қарағанды 587 және Ақмола облыстарында анықталды.
«Аталған өңірлерде жоюдың жоғары пайызы қамтамасыз етілген. Сонымен қатар бірқатар өңірде рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою бойынша көрсеткіштер төмен деңгейде. Атап айтқанда, Ұлытау облысында – 60%, Атырау облысында – 66%, Шығыс Қазақстан облысында – 78%. Бұл бағытта жергілікті атқарушы органдардың жұмысын күшейту қажет», – деді спикер.
Министрліктің «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясымен, құқық қорғау органдарымен және әкімдіктермен бірлескен жұмысы нәтижесінде анықталған рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің саны қысқарды. Соңғы жылдары рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің саны азаюы бойынша оң динамикасы қалыптасты. Мысалы, 2020 жылы 8 мыңнан астам қоқыс үйіндісі анықталып, олардың тек 66%-ы жойылған болатын. 2024 жылы бұл көрсеткіш 4886-ға дейін төмендеп, оның 93%-ы жойылды. Ал 2025 анықталған полигондар саны 3828-ні құрап, жою деңгейі 94%-ға жетті.
Рұқсат етілмеген қоқыс орындарын бақылауды күшейту мақсатында министрлік «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясымен бірлесіп, ғарыштық бақылау аумағын кеңейту бағытында жұмыстар жүргізілді. 2018 жылы ғарыштық мониторинг жүйесі небәрі 16 елді мекенді ғана қамтыса, 2024 жылы қамту аймағы кеңейіп, 46 елді мекен қамтылды. Бақылауға республикалық маңызы бар қалалар, облыс орталықтары, ірі елді мекендер, сонымен қатар «Баянауыл» және «Бурабай» сияқты ерекше қорғалатын табиғи аумақтар енгізілді.