«Эндаумент қор қызметкерлерін, әлеуетті инвесторлар мен салымшыларды, эндаумент-қорлардың активтерін кәсіби басқарушыларды даярлау үшін ЖОО-ның бірінің базасында АҚШ тәжірибесі бойынша қайырымдылық мектебін құру жоспарлануда. Бүгінгі таңда мұндай ұсыныстар, мысалы, Индиана университетінен келіп түсуде», – деп атап өтті Гүлзат Көбенова.
Сондай-ақ спикер Министрліктің жол картасы шеңберінде 2029 жылдың соңына дейін эндаумент қорлар қауымдастығын құруды қоса алғанда, кәсіби қоғамдастық қалыптастыру көзделгенін хабарлады. Бұл шаралар Нысаналы капитал қорлары және эндаумент қорлар туралы заңды іске асыру шеңберінде көзделген. Сонымен қатар ол жақын арада барлық қажетті құқықтық акт әзірленетінін атап өтті.