Оның айтуынша, денсаулық сақтау және ветеринарияда – 283, ауыл шаруашылығында – 190, машина жасауда – 250, химия және лак-бояу өнеркәсібінде – 302, жеңіл өнеркәсіпте – 361, жол-көлік және т/ж техникасы бойынша – 408, энергетика және электротехника саласында – 417, ақпараттық технологияларда -537ден-астам стандарт бар.

«Әкімшілік – 584, мұнай және газ аралас өндіріс – 664, тамақ өнеркәсібі – 642, құрылыс материалдары мен құрылыс кешендері – 698, қоршаған ортаны қорғау, адамды қоршаған ортаның әсерінен қорғау қауіпсіздігі – мыңнан жоғары. Оның ішінде қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының аумағында балалар тағамының сапасы мен қауіпсіздігін бақылауды регламенттейтін 18 ұлттық және 80 мемлекетаралық стандарттар бар. Балалар қауіпсіздігі мәселелері бойынша 20 ұлттық және 48 мемлекетаралық стандарт қолданылады», – деді спикер. 

Бүгінгі таңда ұсынылған хабарламалар тізіліміне сәйкес Қазақстанда 830 халықаралық және шетелдік стандарт қолданылады. Мұндай құжаттарды тікелей қолдану үшін заңнамада белгіленген шарттарды орындау қажет. Қолданыстағы 9 мыңнан астам ұлттық стандарт ауқымы экономиканың түрлі саласын қамтамасыз етеді. Стандарттардың қажеттілігін айқындау мақсатында 2020 жылдан бастап «стандарттау саласында мониторинг жүргізу тәртібі» ҚР СТ 1.62 - 2019 сәйкес экономика салаларында стандарттардың қолданылуын мониторингтеу рәсімі енгізілді. 

Айта кетерлігі, қазіргі уақытта стандарттардың 68%-дан астамы қолданылып келеді. Бұл кәсіпорындардың стандарттарды қолдану қажеттілігінің артуын, демек, өнімнің, қызметтердің және процестердің қауіпсіздігі мен сапасын арттыруды көрсетеді.