Сонымен қатар Астана, Алматы қалаларында орналасқан 5 колл-орталықтың қызметі анықталып, жойылды.

«Шетелдік әріптестермен ынтымақтастықты арттыру үшін Компьютерлік қылмыстар туралы Еуропа конвенциясы мен Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының Конвенциясына қосылу бойынша шаралар қабылдануда», – деді спикер.

Сондай-ақ Жандос Сүйінбай азаматтардың құқықтық және қаржылық сауаттылығы интернет-алаяқтықтың алдын алудың ең маңызды талабы екенін атап өтті.

Ол үшін қарапайым сақтық шараларын ұстану қажет:

- жеке деректерді ешкімге бермеу;

- сілтемелер мен қосымшаларға сақтықпен қарау;

- бейтаныс қоңырауларға сенбеу, ойланып жауап беру;

- таныстардан түрлі сұрау хабарламалар келген жағдайда, оларды тексеру;

- кез келген күмәнді жағдайда банкке не полицияға хабарласу.