Сонымен қатар ол аукциондарға қатыспайтын ірі халықаралық компаниялармен келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтты.

Еліміздің электр қуаты тапшылығы бар оңтүстік аймағында екі жел паркінің құрылысы жалғасуда. Бұл ретте Қазақстан алғаш рет жобаларға қуаттың 30%-ы энергия жинақтау жүйелерімен қамтамасыз етілуге тиіс деген талап қойды.

Қазіргі уақытта Қытай Халық Республикасымен екі ірі жоба бойынша үкіметаралық келісім жасалды. Мәселен, Түркістан облысында жел және күн электр станциясын салу жоспарда бар.