Былтыр бұл бағытта 8 жоба іске қосылса, биыл көлемі 455 МВт-қа тең тағы 9 жоба іске қосылады.
«Жалпы, бұл саланы дамытуды эволюциялық түрде жасап келе жатырмыз. 2009 жылы бірінші заң қабылданса, 2014 жылы тиісті орталық электроэнергияны, жаңартылған энергия көздерін сатып алу жүйесі құрылып, жобалар іске қосыла бастады. 2018 жылы үлкен реформа болып, аукцион механизміне ауыстық. Соңғы 7 жылда аукцион механизміне 260-тан астам компания қатысып, әлемдегі 14 дамыған мемлекеттің компаниялары оған қатысып жатыр. Әсіресе, Қытай компаниялары белсенділік танытуда», – деді спикер.