Басты цифрлық құрал – мобильді құрылғыларды тіркеуді, сәйкестендіруді және олардың статусын бақылауды қамтамасыз ететін kz-imei.kz порталы.
«Сәйкестендіруді енгізу туралы бұйрыққа енгізілген өзгерістер күшіне енген сәттен бастап 3 миллионнан астам құрылғы верификацияланды. Бүгінгі күні порталда 4 771 пайдаланушы тіркелген. Сәйкестендіру белсенді түрде жалғасуда. Портал жұмыс істеп тұр, жүктемені көтере алады», – деді спикер.
Бұл уақыт ресми өкілдер, әртүрлі жеке кәсіпкерлер елге әкелінген телефондар туралы ақпараты порталға енгізуі үшін берілді. Сонымен қатар, белсенді ақпараттық науқан өткізілді: бизнеспен брифингтер, сондай-ақ ұлттық телеарналар мен әлеуметтік желілерде кеңінен ақпараттандыру жұмыстары ұйымдастырылды.