Оның айтуынша, күзгі-қысқы кезеңнің тұрақты өтуі үшін энергетикалық кәсіпорындар негізгі және қосалқы жабдықтарды жөндеуді қамтамасыз етті.
«Біз барлық тиісті жөндеу жұмыстарын жүргіземіз, осы кезеңдерде станциялардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеміз. Қыс мезгілінде жүктемені тұрақты қамтамасыз ету үшін станцияларға өте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Біз бұны айтарлықтай ауыр проблема деп есептемейміз», – деп, жылыту маусымына дайындық барысы Энергетика министрлігінің бақылауында екенін ескертті спикер.
Тағы бір маңызды мәселе – кадрлық саясат. Өткен жылы кәсіпорындарда 2 мыңға жуық бос жұмыс орны болды, қазір бұл көрсеткіш төмендеді. Себебі салада жалақы көтерілді.
Кадрларды даярлау жұмыстары жүргізілуде. 40 ЖОО-да гранттар саны ұлғайтылды. Техникалық білім алып жатқан студенттер оқып, кәсіпорындарда практикадан өту үшін дуальды оқыту жүйесі енгізілуде.