Осыған байланысты, көліктік бақылау саласында цифрландыру енгізілуде, онда тексеру процесінде адами фактор алынып тасталады. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР КМ Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің төрағасы Алтай Әлі мәлімдеді. 

Заңға сәйкес республикалық маңызы бар автожолдарда автоматтандырылған өлшеу станцияларын орнату «Қазавтожол» АҚ, ал жергілікті жерлерде - ЖАО құзыретіне жатқызылған. 

Алдын ала талдау қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдар қалаларға автокөлік құралдарының келуінің негізгі орындарында 150 АӨС орнатуға дайын. Республикалық жолдарда «Қазавтожол»  70-ке жуық АӨС орнатуды жоспарлап отыр. 

«АӨС арқылы тіркелген бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке тартудың қолданыстағы тәжірибесі құқық бұзушыларды көліктік бақылаудың аумақтық органдарына шақыру арқылы жүзеге асырылады, бұл тиімсіз және шешім қабылдау кезінде адами фактор бар. Сондықтан бір мезгілде Көлік министрлігі мен Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің ақпараттық жүйелерін интеграциялау бойынша «Сергек» қағидаты бойынша айыппұлды адамның қатысуынсыз ресімдеу бойынша жұмыс жүргізілуде» , – деп атап өтті спикер. 

Былтыр Астанада автокөлік құралдарының қалаға келуінің жеті негізгі нүктесінде АӨС орнату бойынша жұмыс басталды. Станциялар жоқ жерлерде «Сергек» камералары арқылы бекітілетін жүк автокөлік құралдарының өтуіне тыйым салатын белгілер орнатылады. 

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап барлық жүк автокөлік құралдарын бақылауды АӨС қамтамасыз етеді, оның ішінде 100 шақырым радиуста орналасқан 29 карьерден қалаға инертті материалдарды тасымалдайтын 6 305 самосвал қадағалауға алынады.