Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар тауарлардың баға индексі 99,9%-ға тең болды. Яғни бағалар 0,1%-ға төмендеді. Айдың басынан бері баға индексі 99,8%-ды құрап отыр. Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі БҚО және Қостанай өңірлерінде тұрақты. Ақмола облысында соңғы 3 аптада 0,4%-ға төмендеген, СҚО-да 0,2%-ға төмендеді, Ақтөбе облысында ғана 3 аптада 0,2 %-ға баға қымбаттады. Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков ОКҚ алаңында осылай деді.  

«Соңғы аптада әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуі су тасқынының кезеңімен байланысты емес. Зардап шеккен өңірлерде азық-түлік тауарларының тапшылығы және олардың бағалары мәселесі министрліктің ерекше бақылауында. Министрлік су тасқыны бар өңірлердегі жергілікті атқарушы органдармен, атап айтқанда, СҚО, БҚО, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Ақмола, Қостанай облыстарында аумақтық департаменттердің жұмысын өзара үйлестіріп жатыр», – деді спикер.

Әкімдіктер мен жергілікті әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары бірлесіп, азық-түліктің жеткілікті санының болуына сауда объектілеріне көшпелі мониторинг жүргізеді. Су басқан аудан аудандарда кәсіпкерлерге тауар бағасын көтеру бойынша сауалнама жүргізілді. Корпорациялар көкөніс қоймаларына мониторинг жүргізеді. Барлық өңірде 130 сауда нысанына зақым келген. Бизнес өкілдерінің шағымдары жедел желі арқылы қабылданады.