Оның айтуынша, реестрге уәкілетті мемлекеттік органдар белгілеген және оқшаулаудың барынша мүмкін деңгейін немесе оның кезең-кезеңімен өсуін қамтамасыз етуге бағытталған тауарларды өндіру шарттарын орындаған отандық өндірушілер туралы мәліметтер енгізіледі. Сараптама ұйымдарының тауарлардың шығарылған елін анықтау жөніндегі қызметін лицензиялауды енгізу арқылы сараптама ұйымдарының мәртебесін артады. 

«Сонымен қатар заң жобасы өндіріс субъектілері мен өндірістік үй-жайлар және жабдықтар сынды объектілерге қойылатын талаптардың орындалуын мемлекет тарапынан бақылау жүргізуді көздейді. Бұл ретте мемлекеттің тек тауарлардың Қазақстанда шығарылғанын растаған өндірушілерге ғана қолдау көрсетуі ұсынылады. Нәтижесінде бүгінгі күні қолданылып жүрген көптеген реестрді жояды», – деді ведомство өкілі.

Мұндай қағида Қазақстанда өндірілетін тауарлар мен олардың өндірушілері туралы ақпаратты бір жерден алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ өндірушілер туралы мәліметтерді әртүрлі реестрлерге енгізу қажеттілігіне байланысты қаржылық жүктеме азайып, көрсетілген реестрлерді қалыптастыруға байланысты мемлекеттік бюджет пен квазимемлекеттік сектордың шығынтарын азайтады.

СТ – KZ және Индустриялық сертификаттары бір-бірін белгілі бір дәрежеде қайталайды. Олардың ең ұтымды тұстарын ғана қалдырып, қазақстандық тауарлар реестрін қалыптастыру ұсынылады. Бұл өндірісті растау критерийлері мен сараптаманы цифрландыруды, басқа мемлекеттік ақпараттық жүйелерімен интеграцияны ескеретін форматты-логикалық бақылауды көздейтін Бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйе болады.

«Барлық интеграция, салық және кеден органдарының дерекқорлары бойынша мәлімделген құжаттарды автоматты түрде тексерудің арқасында адами фактордың барынша төмендеуі күтіледі. Сондай-ақ аталған деректерге сүйене отырып, жаңа тәсілдер ескерілген ұсыныстар дайындалды. Заң жобасын биыл қабылдау жоспарда бар», – деп түйіндеді спикер.