Сарапшы қызылша асқынуларға толы екенін еске салды. Айта кетерлігі, ғылыми мәліметтерге сәйкес қызылша жұқтырған 20 баланың біреуі пневмониямен ауырады. Бұл - жас балалардың арасында қызылшадан болатын өлімнің ең көп тараған себебі. Қызылшамен ауыратын әрбір 1000 баланың шамамен біреуінде энцефалит дамиды. Бұл құрысуларға және саңыраулыққа немесе баланың ақыл-ой кемістігіне әкелуі мүмкін. Жүктілік кезінде қызылша ҚҚП вакцинасымен егілмеген жүкті әйелдердің мерзімінен бұрын босануына немесе салмағы төмен баланың туылуына әкелуі мүмкін.

«Қызылша бойынша жағдайды тұрақтандыру мақсатында тиісті шаралар қолға алынды. Яғни иммундау аясында 223 402 адам екпе салғызды. Оның ішінде 6-11 айлық 71 075 балаға, 2-5 жастағы 111 655 балаға вакцина салынды. Қызылшаға қарсы жоспарлы вакциналау жалғасып жатыр. Соңғы тәулікте 22 144 адам вакцина алды», – деді сарапшы.

Қазір 30 жасқа дейінгі вакцинацияланбаған байланыс тұлғаларының ошақтарында балалардың қызылшасына қарсы жоспарлы вакциналау жалғасып жатыр. Екпе салуүшін қызылшаға, қызамыққа және паротитке (ҚҚП) қарсы аралас вакцина қолданылады.