«Негізінен қар үйінділері салдарынан Абай, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында машиналардың жиналуы байқалады. Өткен жылдардағы тәжірибе көрсеткендей, негізінен дауыл туралы ескертулерді елемейтін, сондай-ақ жазғы дизельдік жанармайды пайдаланатын жүргізушілер қар құрсауында қалады. Өз кезегінде уәкілетті орган қозғалысты шектеу жөніндегі функцияларды орындайтын ішкі істер органдары қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағандар жүргізушілерді жауапкершілікке тарту бөлігінде Жолдарда көлік құралдарының қозғалысын тоқтату немесе уақытша шектеу қағидаларына өзгерістер енгізді», - деді ТЖМ өкілі. 


Жыл басынан бері аталған норма бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 8 адам жауапкершілікке тартылды.