Оқушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында барлық түлектерге міндетті түрде ақпараттық парақтар ұсынатын болды, деп хабарлайды. Білім және ғылым министрлігі жұмыстар жасап жатыр.
«Оқушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында жұмыстар жасап жатырмыз. Соның ішінде ақпараттық парақтар тарату. Ақпараттық парақтың ішінде ағымдағы жылы әр мамандыққа қанша грант бөлінетіні, сол гранттардың ішінде былтырғы конкурстың орташа нәтижиесі және басқа да мәліметтер бар. Оны міндетті түрде біздің комиссиялар жергілікті сертификатпен бірге тапсырады, сондықтан, түлек конкурсқа барған кезде қай мамандыққа, қай бағытпен жүруін анықтау үшін дұрыс бағыт деп білеміз», - деп мәлімдеді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов.
Сонымен қатар, дәлелді себептерге байланысты мектеп түлектері ҰБТ-ға қатыса аламай қалған жағдайда, келесі лекте тапсыруы мүмкіндіігн ұсыну, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға жеке көмекшілер мен сурдоаудармашылар ұсыну мәселелері қарастырылған.
Алтын белгі иегерлері үшін ешқандай өзгерістер жоқ екендігін де атап өтті. Балл нәтижиесі тең түскен жағдайда ғана басымдық беру жалғасып келеді.