Пилоттық жобаның I, II және III кезеңдерінің шеңберінде шамамен 700 дербес денсаулық сақтау ұйымы іске қосылды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев Орталық коммункациялар алаңында өткен брифингте баяндады.
«Процесті іске асыру кезең кезеңмен жүзеге асырылуда – пилоттық жобаның I кезеңі шеңберінде 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап аталған процеске Ақмола, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының денсаулық сақтау ұйымдары қосылды. II кезең шеңберінде 1 сәуірден бастап Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Павлодар және Алматы облыстарының денсаулық сақтау ұйымдары және пилоттық жобаның III кезеңі шеңберінде 1 шілдеден бастап барлық қалған 8 өңір– Астана, Алматы қалалары және Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорла, Солтүстік Қазақстан облыстары медициналық құжаттаманы электрондық форматта жүргізуді бастады», - деп мәлімдеді вице-министр.
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің айтуынша, Министрлік Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына жолдауын іске асыру үшін 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық медициналық ұйымдардың жұмысты қағазсыз жүргізу форматына толықтай көшуін, атап айтқанда бастапқы медициналық құжаттаманы қағазсыз жүргізуге көшуін қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды жүргізуде.
Медициналық ақпараттық жүйенің міндеттері медициналық ұйымдардың ішкі бизнес – процестерін автоматтандыру, клиникалық және басқарушылық шешімдерді қабылдауға қолдау көрсету, медициналық ақпаратты қағазсыз жүргізуге көшу, медициналық қызметтердің сапасын, қауіпсіздігін және тиімділігін арттыруға қолдау көрсету, медициналық қателіктердің санын азайту болып табылады.
«Барлығы пилоттың I, II және III кезеңдерінің шеңберінде шамамен 700 дербес денсаулық сақтау ұйымы іске қосылды. 2018 жылдың қорытындысы бойынша емдеу-профилактикалық қызмет көрсететін барлық 697 дербес ұйымдарда 32 отандық және шетел әзірлеушілерімен ұсынылған медициналық ақпараттық жүйенің 38 түрі 100% енгізілді. 5 420 дербес емес медициналық ұйымнан 3 149 МАЖ жұмыс істейді.
Айта кетсек, Денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық құжаттаманы қағазсыз жүргізуге көшу және денсаулық сақтау ұйымдарының қағаз тасығыштарындағы және медициналық ақпараттық жүйелеріндегі есептік – есеп беру нысандарының қосарлануын болдырмау бөлігінде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын цифрландыру процесі іске асырылуда.