Қалада болып жатқан барлық жағдаяттарды, олардың атқарылу және шешілу дәрежесін автоматты түрде тарататын мобильді қосымша іске қосылды. Қосымша қала басшылығына 24/7 тәртібінде қолжетімді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында iKomek орталығының басшысы Жаннат Дүбірова мәлімдеді.

«Халықпен құрылған кері байланыстың арқасында бар болғаны бір жыл ішінде 1 040 000 өтініш қабылданды, оның 99%-ы игерілді. Күн сайын 2 мыңға жуық өтініштің атқарылуы бақылауда ұсталады. IKomek бірыңғай фронт-кеңсесінің басты мақсаты – тұрғындар мәселелерінің 90%-ға жуығын қашықтан шұғыл түрде шешу. Бүгінгі күні тұрғындардың өтініштерінің 80%-ы бірінші қоңыраудан-ақ атқарылады. Мәселелерді қашықтықтан шешу тұрғындардың уақытын едәуір үнемдеуге септігін тигізеді», – дейді iKomek орталығының басшысы.

Сонымен қоса, бүгінгі таңда қаланы басқарудың стратегиялық KPIs, елорданы дамыту жобалары, азаматтардың өтініштерімен жұмыс жасау, қаланың жүйелі түйткілдері сияқты негізгі мәселелері толығымен цифрланған және онлайн мониторинг жүргізілетінін де атап өтті.

Қала мен қалалық сервистерді дамытудың стратегиялық KPIs үш деңгейден тұрады. Әрбір көрсеткіш жетекшілік ететін әкім орынбасары мен басқарма басшысына бекітілген. Бұрын тиімділік көрсеткіштері жылына бір рет бағаланып, жинау және есептеу үшін көп еңбекті қажет ететін. Қазір Статистика мен Жоба кеңсесінен ақпарат жиналып, олар автоматты түрде есептеледі. Әрбір басшы жетістік прогресін көзбен көріп, нәтижеге қол жеткізбеу тәуекелін төмендету үшін тиісті шаралар қабылдай алады.

Сонымен қатар, қалада болып жатқан барлық жағдаяттарды, олардың атқарылу және шешілу дәрежесін автоматты түрде тарататын мобильді қосымша іске қосылды. Қосымша қала басшылығына 24/7 тәртібінде қолжетімді. Өткен жылдан бастап әкімдіктің барлық жобалары (500-ден астам) цифрланып, Жоба кеңсесі жүйесіне енгізілген болатын. Барлық жоспарлар, тәуекелдер, жобалардың нәтижелерін басқару жобаларды басқарудың iKomek ақпараттық жүйесінде жүргізіледі.