Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты жалпы отырыста «Қазақстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесі бойынша Шартты ратификациялау туралы» Заңды қабылдады, деп хабарлайды Ortcom.kz «ҚазАқпарат» агенттігіне сілтеме жасап.

"Келісімге сәйкес үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесі Үстірт қыратының аумағында орналасқан. Келісім мерзімсіз және оны бұзуға болмайды. Шартты ратификациялау және күшіне енуі Қазақстанның мемлекеттік шекарасын Түркіменстанмен және Өзбекстанмен шектеу процесін аяқтауға мүмкіндік береді; түйісу нүктесіндегі аумақтық даулардың туындауының мүмкін болатын алғышарттарын жою; еліміздің ұлттық қауіпсіздігін нығайта түсуде", - деді ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов. Министр бұл келісім Қазақстанның мемлекеттік шекарасын делимитациялауды толықтай аяқтаған соңғы құжат екенін атап өтті.