Бұл туралы облыс әкімі Алтай Көлгінов Орталық коммуникациялар қызметінде атап өтті.
Батыс Қазақстан облысында цифрландыру жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді. Мемлекеттік қызмет түрлері жаппай электронды форматқа көшіріліп жатыр. Бүгінгі таңда өңірде «Smart City» тұжырымдамасына сәйкес «Қолжетімді әкімдік», «Smart Uralsk» орталығы, «Мамандандырылған ХҚКО», «Көші-қон ХҚКО» ашылып, қалыпты жұмыс жасауда.
Сондай-ақ жер қатынастары саласында жер ресурстарының бірыңғай порталы ашылып, «Жер учаскесін таңдау актісін бекіту» қызметі автоматтандырылды. Бұрын азаматтар таңдау актісін алу үшін 3 ай күту керек болса, қазір бұл қызмет 5-12 күн аралығында көрсетілетін болды. Облыс орталығының және аудандардың ауруханалары интернетті 100% қамтамасыз ету мақсатында да бір қатар ауқымды жұмыстар атқарылуда. Аталған сала Министрлігінің қолдауымен келер жылы 60, ал 2020 жылы 33 елді мекен сапалы интернет қызметімен қамтылатын болады.
- Адам көп шоғырланған жерлерге бейнебақылау камераларымен
жабдықтау жұмыстары қарқын алуда. Облыс аумағында орнатылған 6000 бейнебақылау камералары көше қылмысын 20 пайызға төмендетуге септігін тигізді. Сонымен қатар Орал қаласында қосымша 20 жылдамдықты өлшеуіш құрылғы мен көлік ағыны көп 50 көшеге бейнебақылау камераларын орнату жоспарлануда,- деді Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз-конференциясында БҚО әкімі Алтай Көлгінов.