Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз-конференциясына БҚО әкімі Алтай Көлгінов баяндады.

Өңдеу өнеркәсібінің нақты көлем индексі 8 %-ға артып, 156 млрд. теңгені құраған. Еңбек өнімділігі 26%-ға өсіп, бір адамға 10 мың АҚШ долларына жетті.

Облыстың негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 0,5 пайызға артып, 316 миллиардтан астам теңгені құрады. Сыртқы инвестициялар 197 млрд. теңгені құрап, олардың негізгі капиталдағы үлесі 62%-дан асқан. Мемлекеттік бюджетке салықтан түскен түсім 242 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 6 %-ға артқан.